What are you looking for?

Қазақстанда қағаз өнімдері ұлттық режимнен алынды

13.10.2025

Қазақстан Үкіметі 2025 жылғы 7 қазанда "Ұлттық режимнен алып тастау мәселелері туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік сатып алу кезінде шетелдік қағаз өнімдеріне ұлттық режимнен алып тастау белгіленді. Бұл шектеу Қазақстан аумағында өндірілмейтін тауарларға қолданылмайды.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығы тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірушілердің отандық тізілімінде тіркелген жеке және заңды тұлғаларға беріледі.

Қаулы 2025 жылғы 28 қазанда күшіне енеді.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға тек қазақстандық өндірушілердің тізілімінде бар қатысушылар ғана жіберіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media