Қазақстан сыртқы істер министрі Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Еліміздің сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шарм-эш-Шейх қаласының маңындағы жол апаты салдарынан Қатар Әмірі Кеңсесінің қызметкерлері қаза болуына байланысты Қатар мемлекетінің премьер-министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдаған.
Жеделхатта министр марқұмдардың бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы үлесін атап өткен және Қазақстан Қатармен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мысырда жол апатынан Газадағы жағдай бойынша келіссөздерге қатысу үшін келген Қатар делегациясының үш мүшесі қаза тапқанын жазған едік.
Жол-көлік оқиғасынан тағы үш адам жараланып, Шарм-эш-Шейх халықаралық госпитальның жансақтау бөліміне жеткізілген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз