Мәжілістің бұрынғы депутаты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің экс-басшысы Гүлжан Қарағұсова қызы Данна Қарағұсованың ғарышқа сапарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, Данна Қарағұсова — ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ қызы. Ол әлеуметтік желіде анасы Гүлжан Қарағұсова мен қызы Айлиннің видеосын жариялады. Видеода кадр сыртында Гүлжан Қарағұсованың дауысы естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Danna Karagussova (@dannakar)
"Бір істі қолға алғанда, бірінші боламын деп ойламайсың. Қызым да бірінші боламын деп ойламаған, ол тек өзінің арманын орындағысы келді... Мен қызыммен мақтанамын, өте бақыттымын...",- деді ол.
Ал Дана Қарағұсова, ғарыштағы алғашқы әсері туралы айтып, салмақсыздық күйіне алғаш енгенде жасаған әрекеті жайлы бөлісті:
"Салмақсыз күйге түскендегі алғашқы әрекетім — жер бетіндегі барлық аналарға арналған ашық хатты жазу. Бұл менің анама және баласының арманын қолдаған әр әйелге арналған алғысым еді. Қазір өзім ана болған соң түсінемін: біз балаларымызға бере алатын ең қымбат нәрсе — сенім, жылулық және алға ұмтылуға күш беру. Мен ғарышта болған сәтте анамның қасында қызым болды. Менің бұл қадамым қызымды шабыттандырды, арманына сенуге күш берді деген үміттемін. Ғарыш пен Жердің байланысы – ананың жүрегінен басталады",- деп жазды ол.
Сонымен қатар, 12 қазан күні ғарыш кемесін ұшырған Blue Origin компаниясы өзінің Instagram парақшасында экипаж мүшелерінің жерге қонған сәттегі эмоциялары туралы жаңа видео жариялады.
"NS-36 миссиясының экипаж мүшелерінің Жерге қонғаннан кейінгі әсерлері мен сезімдерін көріңіздер", – делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Blue Origin (@blueorigin)
Видеода Данна көз жасына ерік беріп, басынан өткерген керемет сезімдері мен эмоцияларын айтып береді.
Бұған дейін Техаста жеке ұшақ апатынан екі адам қаза тапқанын жазғанбыз.