What are you looking for?

Топ-5: биыл Қазақстанда ең көп неке қай өңірде тіркелді

13.10.2025

"Азаматтарға арналған үкімет" биыл Қазақстанда ең көп неке тіркелген топ-5 өңірді атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстанда шамамен 88 мың неке тіркелген.

Неке саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – осы кезеңде мұнда 14 254 жұп заңды некеге тұрған.

Екінші орында – Астана қаласы, елордада 10 142 жұп биыл заңды түрде некесін қидырған.

Үшінші орында – Түркістан облысы. Мұнда 6 687 неке тіркелген.

Ал топ-5-ті мына өңірлер түйіндеді: Шымкентте 5 570 неке, Қарағанды облысында 5 394 неке тіркелген.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media