What are you looking for?

"Директор кабинетінің алдына сепкен": жамбылдық әйел тұзбен жасалған рәсім үшін айыппұл арқалады

13.10.2025

Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің алдында тұзбен рәсім жасағаны үшін жергілікті тұрғын жазаланды. Аталған мекеме келіншекті жұмысқа алмай қойған, деп өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жуалы аудандық соты У. есімді азаматшаға қатысты "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

"Іс материалына сәйкес, У. орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып ортақ пайдалантын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам өзінің түсініктемесінде мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келгенін, бірақ жұмысқа орналамаса алмағанын айтып, бұл тұзбен қадам көмектеседі деп ойлаған.

Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жазаламауды сұрады", — делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде келіншек кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media