What are you looking for?

Тоқаев Дональд Трампты Газа секторындағы дипломатиялық жеңісімен құттықтады

13.10.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 13 қазанда АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторы бойынша дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, 2025 жылы 9 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мысырда өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Газа секторындағы қақтығысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімді қолдайтынын жариялаған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media