What are you looking for?

"Манчестер Юнайтед" 100 мың орындық жаңа стадион салуды жоспарлауда

12.03.2025

Бұл жоба Үкіметтің Олд Траффорд аймағын жаңғырту және дамыту жоспарларына қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

Англияның атақты "Манчестер Юнайтед" футбол клубы 100 мың адамға арналған жаңа стадион салатынын ресми түрде жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа стадионның құрылысы мен аймақты қайта жандандыру жобасы Ұлыбритания экономикасына жыл сайын қосымша 7,3 миллиард фунт стерлинг кіріс әкеледі деп күтілуде. Сонымен қатар, 92 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 17 мыңнан астам жаңа пәтер пайдалануға беріледі. Жоба аясында аймақ жылына 1,8 миллион турист қабылдауға дайындалады.

"Манчестер Юнайтед" клубы 115 жыл бойы өз алаңы ретінде "Олд Траффорд" стадионын пайдаланып келеді. Ал жаңа стадионды атақты британдық сәулетші Норман Фостердің компаниясы жобалаған. Айта кетейік, оның сәулет бюросы Қазақстандағы "Бейбітшілік және келісім сарайы", "Хан Шатыр" сауда орталығы және "Абу Даби Плаза" сияқты ірі жобаларға да атсалысқан.

Social Link

Follow Me On Social Media