What are you looking for?

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

14.10.2025

Олар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың кейбір аспектілері қарастырылды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Реформаны бір сәтте жүзеге асыру мүмкін емес


Social Link

Follow Me On Social Media