What are you looking for?

Раушан Қойшыбаева пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды (видео)

14.10.2025

Мысырдағы додада Раушан Қойшыбаева пара пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, Каирде пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Раушан Қойшыбаева топ жарған.

Ол үш тәсілдің қосындысы бойынша 330 кг көтеріп әлем чемпионы атанған.

Аталған салмақта күміс медаль Камерун елінің спортшысы Тамар Жизель Менге (321 кг), қола жүлде мексикалық Асуара Гутьеррес Никс Корадиға (310 кг) бұйырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от CSP-parasport.kz (@csp_parasport.kz)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media