What are you looking for?

Шымкентте ер адам досымен бәстесемін деп 26 қаламсапты жұтып қойған

14.10.2025

Шымкент қаласының тұрғыны бәстесудің салдарынан 26 дана қаламсапты жұтып қойған, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Асқазан-ішек жолдары қатты ауырған науқас №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеріп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Ота шамамен 2 сағатқа созылып, нәтижесінде мамандар науқастың асқазанынан барлығы 26 қалам-сапты эндоскопиялық жолмен алып шықты", — дейді ведомство.

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, операция тіліксіз, яғни іш қуысына хирургиялық жолмен кеспей жүргізілген.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне шығарылған.

Social Link

Follow Me On Social Media