What are you looking for?

Газаны қалпына келтіруге 70 млрд доллар қажет

15.10.2025

Газа секторын қайта қалпына келтіру үшін 70 млрд АҚШ доллары қажет, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы Даму бағдарламасының жетекшісі мәлімдеді. Әсіресе Газа қаласында ахуал күрделі. Шаһардағы ғимараттардың 92 пайызы бүлінген. Ал қайта қалпына келтіру жұмыстарына ұзақ уақыт қажет. "Өйткені қыруар қаражатты тез арада жинау мүмкін емес" дейді ұйым өкілдері.

Бірақ бұған дейін АҚШ, Еуропа және араб елдері тиісті қаржыны жинауға көмектесетінін мәлімдеген.

14 қазанда Газа секторына Израиль түрмелерінен босатылған палестиналықтар тобы оралғаны белгілі болды. Оларды қарсы алу үшін көшелерге мыңдаған адам қолдарына ту ұстап шықты. Жергілікті биліктің мәліметінше, 1700-ден астам адам туған жеріне оралды, арасында өмір бойына сотталған 250 адам бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media