What are you looking for?

Астанадағы құрылыс алаңында 17 жастағы жасөспірім қаза тапты

15.10.2025

Бозбала жұмысқа кіріскен бірінші күні-ақ көз жұмды.

17 жастағы жасөспірім Астанадағы "КазПолимерСтрой" ЖШС құрылыс алаңында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас жігіт аздап табыс табайын деп, ол ор қазуға барған. Сол сәтте үстіне бетон тақта құлап, бірден көз жұмған.

Марқұмның анасы көз жасын тыя алмай, камаз жүргізушісі мен краншы есірткі әсерінде болғанын айтты.

Туыстары әділдік талап етуде, себебі жағдай өте күмәнді.

Полиция тергеу жүргізілетінін және қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Social Link

Follow Me On Social Media