What are you looking for?

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

16.10.2025

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайрат Жақыпұлы Қалыбеков тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қайрат Жақыпұлы 1973 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген.

С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын және Қазақстан халықтар Достығы университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – "емдеу ісі", "экономика".

Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласындағы амбулаторлы хирургия, травматология және гинекология орталығының хирургы болып бастаған.

1999-2014 жылдары түрлі медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған.

2016-2023 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау мекемелерінде жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2023 жылғы 2 қазаннан бастап жаңа тағайындауға дейін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media