What are you looking for?

Қаскелеңде бойжеткенді өлтіріп кетті

16.10.2025

Қаскелең қаласында 21 жастағы қыздың өлімі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат 15 қазан күні әлеуметтік желілерде жарияланған. Ал бүгін, 16 қазанда, Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ол жасаған қылмысқа қатысы барын мойындады. Қазір оқиғаға байланысты барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Social Link

Follow Me On Social Media