2025 жылғы 16 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңес өткізіп, онда бірнеше маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның бірі елдегі автомобиль өнеркәсібіне қатысты болды.
"Отандағы автокөлік өндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халыққа жеңіл автокөлік сатып алуға арналған қаржыландыру бағдарламаларын жалғастырады", — деді Бектенов.
Сонымен қатар, жеке тұлғаларға арналған жеңіл автокөлікті лизинг арқылы сатып алу тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың көлік иелену мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Премьер-министр сондай-ақ "Бәйтерек" холдингіне шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары бойынша ұсыныстарды қысқа мерзім ішінде енгізуді тапсырды.
Кеңесті қорытындылай келе, Олжас Бектенов Үкімет жүргізіп жатқан реформалардың мақсаты — елдің ұзақ мерзімді, тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету және экономикада базалық нарықтық қағидаттарды нығайту екенін атап өтті.