What are you looking for?

Тағы бір жас қазақстандық футболшының жұлдызы сөнді

16.10.2025

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Алматы қаласына шұғыл аттанды .

19 жастағы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. Бұл туралы ҚФФ мәлімдеді.

Қазақстан футбол федерациясы "Хан-Тәңірі" клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз, — делінген хабарламада.

Диас Төлеу – алматылық "Қайрат" клубының түлегі. Биылғы маусымда ол "Хан-Тәңірі" сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

Social Link

Follow Me On Social Media