What are you looking for?

Алтын күз: демалыс күндері Қазақстанның кей өңірінде 20 градусқа дейін жылы болады

17.10.2025

Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың хабарлауынша, күшті антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталып отыр.

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы төмендегенімен, күндіз +5…+10°С шамасында жылы болады.

Ал оңтүстік өңір тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады күндіз бұл аймақтарда ауа температурасы +15…+20°С-қа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Алдағы күндері тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media