What are you looking for?

Көптен күткен жылы күндер: Синоптиктер 18-20 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды

17.10.2025

"Қазгидромет" РМК мамандары ел бойынша алдағы үш күнге – 18, 19 және 20 қазанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер мәліметінше, күшті антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыруды жалғастыруда.

"Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерде сақталғанымен, күндіз термометр бағандары +5…+10°С жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңір тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады — күндізгі ауа температурасы +15…+20°С шамасында болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі.

Бұған дейін Өскеменге ұшқан ұшақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайына қайта оралғанын жазған болатынбыз.

Social Link

Follow Me On Social Media