What are you looking for?

Алматыда қай көшелердің қиылысында "вафельді" жол белгісі пайда болды

17.10.2025

Алматыда қауіпсіздікті арттырып, кептелісті азайту мақсатында жол қозғалысын реттеудің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Осы орайда қаладағы 10 көшенің қиылысында "вафельді" жол белгісі салынған, деп хабарлайды Telegram-дағы AlmatyJoly арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл арнайы жол торы қиылыстың реттелетін аймағын көрсетіп, жүргізушілердің кептеліс кезінде жолды бөгеп қалуының алдын алады", — делінген хабарламада.

"Вафельді" жол белгісі қаладағы мына қиылыстарда пайда болған:

  • Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы;
  • Абай даңғылы – Масанчи көшесі;
  • Абай даңғылы – Брусиловский көшесі;
  • Абай даңғылы – Момышұлы көшесі;
  • Абай даңғылы – Тұрғыт Озал көшесі;
  • Абылай хан даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Наурызбай батыр көшесі;
  • Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;
  • Жандосов көшесі – Жароков көшесі;
  • Розыбакиев көшесі – Төле би көшесі.

Сондай-ақ хабарламада пилоттық режимде құқық бұзушылықтарды тіркейтін камералар қойылып жатқаны айтылған. Жоба сәтті жүзеге асса, ол қаланың басқа да қиылыстарына қойылады.

"Жаңа жол белгісі мен заманауи тіркеу құралдары – Алматы көшелерінде жол қозғалысын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір парасы", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media