What are you looking for?

Астанада сот ғимаратында мүгедектерге арналған көтергіш опырылып түсті – әйел жарақат алды

18.10.2025

Астана қаласындағы азаматтық істер жөніндегі сотта мүгедектер арбасына арналған көтергіш құрылғы опырылып түсті. Жоғарғы қабатқа көтерілу кезінде арбадағы әйел бетон еденге құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Патриот" дерегінше, оқыс оқиға соттың холына көтерілу сәтінде болған – құрылғы бекітпелерінен ажырап кеткен. Әйелдің беті бетон қоршауға соғылған. Қасындағы көмекшісі құлаудың алдын ала алмаған. Жедел жәрдем қызметі жарақат алған азаматшаны ауруханаға жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнур Балакешова (@patriotkaragandy)

Жарақат алған әйел – Зилейха Сафарова, бірінші топтағы мүгедек. Ол бірнеше жыл бұрын өндірісте жарақат алып, омыртқасын сындырған. Бір бөлігін жұмыс беруші өтегенімен, қалған емдеу шығындарын сот арқылы қайтаруға тырысып жүрген. Қайғылы жағдай сол сот процесіне келген күні орын алған, деп жазады паблик.

Айта кетейік, 2025 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қозғалысы шектеулі бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші қызметін көрсету ережесіне өзгерістер енгізілген болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media