What are you looking for?

Жамбылда Respublica партиясының бизнес-форумы өтті

19.10.2025

Таразда Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы "Болашақтың бизнесі: жаңа мүмкіндіктер мен трендтер" атты бизнес-форум өткізді. Іс-шараға 500-ге жуық кәсіпкер, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері және салалық сарапшылар қатысты.

Форумның мақсаты — кәсіпкерлікті дамыту, тәжірибе алмасу және өңірлік бизнестің жаңа мүмкіндіктерін айқындау болды.

Басқосуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты Жолдауында айтылған басымдықтар талқыланды. Сарапшылар жасанды интеллектті бизнеске енгізудің маңызын атап, цифрлық шешімдердің тиімділігін мысалдармен көрсетті.

Форумның алғашқы спикері, Respublica партиясының тең төрағасы Қуаныш Шонбай кәсіпкерлердің жаңа экономикалық жағдайда бейімделу және инновациялық ойлау мәдениетін дамыту қажеттігін айтты. Ол Тараз жұртшылығының жылы қабылдауына алғыс білдіріп, партияның құрылу кезінде Жамбыл өңірінің қолдауын ерекше атап өтті.

Шарада Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мен партия аппаратының әйелдер кәсіпкерлігі жөніндегі кеңесшісі Айдана Тоғызбаева және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, бизнестегі әйелдердің рөлі мен технологиялық жаңарудың мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.

Іс-шара соңында Re.Women әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелеріне партияның облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан алғыс хаттар табыс етті. Форумда жасанды интеллектті қолдану мен кәсіпкерлер ынтымақтастығын дамыту жолдары талқыланды.

Social Link

Follow Me On Social Media