What are you looking for?

Шенеунік электр энергиясының тарифін көтеру үшін пара алған

12.03.2025

Жетісу облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысын әшкереледі.

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media