What are you looking for?

Қостанай облысының тұрғынан полицейлер гашиш тәркіледі

20.10.2025

Қостанай облысында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ірі көлемде есірткі затын сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады.

Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген шара кезінде күдікті қаладағы гараждардың бірінде ұсталған. Тінту барысында одан салмағы бір келі болатын гашиш табылып, тәркіленді.

Медициналық сараптама ер адамның есірткі қолданғанын растады. Ал сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың гашиш екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media