What are you looking for?

Алматыда мәдениет басқармасының басшысы ауысты

20.10.2025

Данияр Әлиев бұған дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Алматы қаласы мәдениет басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Әлиев тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін "Тарих" мамандығы бойынша, Алматы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол – гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Бұған дейін Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарды.

Social Link

Follow Me On Social Media