What are you looking for?

Шенеунік электр энергиясының тарифін көтергені үшін пара алған

12.03.2025

Жетісу облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін "Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы" АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Антикор мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media