What are you looking for?

Қазақстандық каратэші Жапония чемпионатында тарихи жеңіске жетті

20.10.2025

Ол барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иегері атанды .

Астаналық Анджей Кинзерский Жапония чемпионатында топ жарған тұңғыш шетелдік каратэші атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жапония астанасы Токиода шинкиокушинкай каратэден өткен 57-ші Бүкіл Жапония ашық чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы додаға Қазақстан, Жапония, Беларусь және Ресей елдерінен келген 160-қа жуық каратэші қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында абсолютті салмақта жерлесіміз Анджей Кинзерский тарихи жеңіске жетті.

Айта кетейік, Анджей шинкиокушинкай каратэ түрінен Бүкіл Жапония ашық чемпионатында 1-орынды иеленген тұңғыш шетелдік спортшы болып тарихқа енді.

Social Link

Follow Me On Social Media