What are you looking for?

Қарашығанақта өндіріс көлемі уақытша қысқарды

21.10.2025

Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты Ресейдің Орынбор газ өңдеу зауытындағы дрон соққысынан кейін өндіріс көлемін төмендетті.

Оператор таратқан мәліметке сүйенсек, Орынбордағы зауыттағы "оқиғадан" соң кен орнынан шығатын газды өңдеу шектеліп, өндіріс уақытша қысқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қысқарту мөлшері шамамен 25-30 пайыз аралығын құрайды. Еліміздің энергетика министрлігі де Қарашығанақ өндірісті азайтқанын растады, ал толық көлем зауыт жұмысы қалыпқа келген соң қайта қалпына келмек.

Дереккөздерге қарағанда, дрон соққысы әлемдегі ірі нысандардың бірі саналатын Орынбор газ өңдеу зауытына жасалды. Украина соңғы айларда Ресейдің энергия нысандарына соққыларды жиілеткенін, Орынбордағы газ зауыты мен Самарадағы мұнай өңдеу орындарына да дрон жіберілгенін мәлімдеді.

Өндіріс көлемі дүйсенбіде тәулігіне 25-28 мың тонна шамасында тіркеліп, әдеттегі 35-35,5 мың тонна деңгейінен төмен болды.

Айта кетейік, Қарашығанақты басқарушы консорциум құрамында Chevron (18%), Shell мен Eni (әрқайсысы 29,25%), Ресейдің "Лукойл" (13,5%) және "ҚазМұнайГаз" (10%) үлеске ие.

Social Link

Follow Me On Social Media