What are you looking for?

Сот Перизат Қайраттың Biz birgemiz Qazaqstan қоғамдық бірлестігін таратты

12.03.2025

Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам.

Астана қаласының ауданаралық экономикалық соты Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.

Іс материалдарына сәйкес заңды тұлға 2021 жылғы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам.

Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, құжаттарға 10 құрылтайшының тоғызының атынан Перизат Қайрат өзі қол қойғаны анықталды.

"Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат тағы бір іс бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінді


Еске салайық, Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media