What are you looking for?

Жыл соңына дейін 590 мың тонна мұнай-газ өндіру жоспарланған – Үкімет

23.10.2025

Мұнай-газ химиясы өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі.

Үкімет өнеркәсіп саласын дамытуда маңызды қадамдардың бірі ретінде индустриялық өсімнің жаңа драйвері – мұнай-газ химиясының көлемін арттыруды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметтің мәліметінше, 2024 жылы мұнай-газ химиясы өнімдерінің өндірісі 540 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 150,5%-ға артқан.

Сектор үшін маңызды қадамдардың бірі – метанол өндіретін зауыт салу жөніндегі алғашқы инвестициялық келісімнің жасалуы. Бұдан бөлек, мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді. Сондай-ақ "Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы" жаңа заңның жобасы әзірленіп жатыр, оны 2026 жылы қабылдау жоспарланып отыр.

Есептелген өндірістік көлемге сәйкес, биыл жыл соңына дейін 590 мың тонна мұнай-газ химиясы өнімін өндіру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 9 айында өндіріс көлемі 477,2 мың тонна болды, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8% (412,2 мың тонна).

Social Link

Follow Me On Social Media