What are you looking for?

Үндістан президентінің тікұшағы Кераладаға қону кезінде асфальтқа батып кетті

23.10.2025

Оқыс оқиға Үндістан басшысының Кералаға жасаған төрт күндік ресми сапары кезінде болды.

Үндістан президенті Драупади Мурму мінген тікұшақ елдің оңтүстігіндегі Керала штатына қону барысында жаңа төселген асфальтқа батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, тікұшақ қонатын алаң сапарға санаулы сағат қалғанда ғана жаңадан асфальтпен төселген. Әуе кемесі жерге қонған сәтте, алаңның жарты бөлігі опырылып, тікұшақ асфальтқа батып кеткен.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция мен өрт сөндіру қызметі дереу әрекет етіп, тікұшақты алаңнан итеріп шығарды. Ал президент Драупади Мурму сапарын көлікпен жалғастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Иран президенті Масуд Пезешкианның Тебризге іссапары кезінде кортеждегі көліктердің істен шығуына байланысты делегация такси қызметін пайдалануға мәжбүр болған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media