What are you looking for?

Мемлекет басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25.10.2025

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.

Social Link

Follow Me On Social Media