2025 жылғы 27 қазанда таңертең Астанадағы Байқоңыр ауданы Ақсай көшесі бойында орналасқан шаруашылық корпус қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс атқаруда.
Әзірге, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
"Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде. Судың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілді",- делінген ведомство мәлімдемесінде.
Министрліктің соңғы ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. Өрт оқшауланды.
Бұған дейін Павлодарда биіктен секірмек болған әйел төтеншеліктерді аяғынан тік тұрғызғанын жазғанбыз.