Бельгия тұрғындары алып асқабақтардан қайық жасап, жүзуден жарысты .
Командалар 100 метр қашықтықты бағандырды. Қатысушылардың жас ерекшелігі ескерілмейді. Сайыс алдында асқабақтарды суға түсіріп тексереді. Ерекше шараны жергілікті шаруалар мен қайықшылар клубы жыл сайын ұйымдастырады.
Натали Ван Нейлен, көрермен:
- Асқабақтар өте үлкен. Олардың ішін арнайы құрылғылармен тазартып, қайық жасау процесін бақыладық. Өте қызық. Мұндай сайысты алғаш рет көріп отырмыз.