What are you looking for?

Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін құда түсіп, ұзатып алды

28.10.2025

Танымал актёр Дәурен Айдарқұлов үшінші әйелін ұзатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Желіге актёрдің ұзату тойында жүрген видеосы тарады. Айта кетейік, кино жұлдызы жеке парақшасында сүйіншілеген еді.

“Мен үйлендім. Аллаға шүкір! Әйелімнің есімі – Жұлдыз", – деп жазды ол.

Актёрдің бұрынғы жұбайы, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбетова екі жасқа бақыт тіледі.

“Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын", – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары актёрдің жеке өмірін қызу талқылап жатыр.

“Ес білгелі үйленіп жүр”, “Балалары өсіп қалғанда ұят емес пе?!”, “Біз етікті бұлай тез ауыстырмайтын шығармыз”, “Несіне мәз болады”, “Қандай сұлу қызды алып жатыр?!”, “Екі әйелді бақытты ете алмаған адам үшіншісін де қатырады деп ойламаймыз”, – деп жазды көпшілік.

Social Link

Follow Me On Social Media