What are you looking for?

Тоқаев қаржы қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық келісімді ратификациялады

28.10.2025

Мемлекет басшысы халықаралық келісімді ратификациялады.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым–Жомарт Тоқаев "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Аталған құжат халықаралық деңгейде қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.


Оқи отырыңыз: Бизнес зардап шекпеуге тиіс – Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы туралы


Social Link

Follow Me On Social Media