What are you looking for?

Тоқаев Қызылордадағы сапарын «Қорқыт ата» әуежайын аралаудан бастады

30.10.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды.

Ақорда жазғандай, президент әуежай қызметі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету процесі жөнінде ақпарат алған. Сондай-ақ Тоқаев жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесін көрген.

Айта кетейік, жаңа терминал былтыр қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды.

Жергілікті бюджет инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасау үшін 4,3 миллиард теңге бөлген. Енді әуежай жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушы қабылдай алады.

«Қорқыт ата» әуежайынан Air Astana, FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары аптасына 29 рейс ұшырмақ. Қазір терминалдың жанынан «Қазаэронавигация» РМК жаңа диспетчерлік мұнара мен әкімшілік-техникалық ғимарат салынып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media