What are you looking for?

Көрнекті жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден өтті

30.10.2025

Қайғылы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы жеткізді.

Көрнекті жазушы, эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсат Тәж-Мұраттың дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мақсат Әнесұлы Тәж-Мұрат 1959 жылы қарашада Атырау облысына қарасты Қосшағыл поселкесінде дүниеге келген.

1978-1983 ж. аралығында ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған.

1983-1990 жылдар аралығында "Білім және еңбек" журналында әдеби қызметкер, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, "Горизонт"-"Өркен" газетінде редактордың орынбасары, "Жалын" журналының жауапты секретары, Қазақстан ЛКЖО ОК жастар бұқаралық ақпарат құралдары секторының меңгерушісі болып істеді.

1990-1999 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетінде аспирант, аға оқытушы, доцент болды. 1994 ж. "Ғұмар Қараштың ақындығы" тақырыбында диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2006-2007 ж. "Қазақ әдебиеті" газеті бас редакторының орынбасары, 2007-2009 ж. "Ана тілі" газетінің бас редакторы. 2009 жылы Астана қаласына ауысып, 2013 жылға дейін "Астана" журналының бас редакторы болып істеді.

Мақсат Тәж-Мұрат "Шәңгерей: жасампаздық өмірі", "Батыс Алаш-Орда: биобиблиографиялық сөздік тәжірибесі", "Ғұмар Қараш: өмірі мен шығармашылығы", "Кәбиса жыл: зерттеу, эссе, әдеби толғамдар", "Қаһармандық анатомиясы. Мәншүктің мәлімсіз майданы", "Димаш. Когда жаждут крика" кітаптарының және мерзімді басылымдар бетінде жарияланған жүзге тарта мақаланың авторы.

Social Link

Follow Me On Social Media