What are you looking for?

Қазақстандық туған әпке-сіңлілер жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

30.10.2025

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық сайыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста туған әпке-сіңлілер — Камила мен Аяулым Оспанова ерекше жетістікке жетті.

Қос аруымыз бір күнде тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Аяулым 66 келіге дейінгі салмақта қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ал Камила 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Social Link

Follow Me On Social Media