What are you looking for?

Жасөспірімдер Азиадасы: Ілияс Балтағазы джиу-джитсудан қазақстандық дербиде жеңіске жетті

30.10.2025

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Ілияс Балтағазы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде Ілияс командаласы Айдар Болыспен кездесті.

Қазақстандық дербидің қорытындысы бойынша Балтағазы жеңіске жетіп, жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Social Link

Follow Me On Social Media