What are you looking for?

Александр Бублик Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

31.10.2025

Ширек финалға шыққан Александр Бублик 100 рейтингтік ұпай жинап, маусымның қорытынды турниріне қатысатын үміткерлер қатарында 10-сатыға жайғасты.

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тейлор Фрицті жеңіп, Paris Masters турнирінің 1/4 финалына шықты.

30 қазан күні Paris Masters турнирінің 1/8 финалында Қазақстан атынан Александр Бублик пен америкалық теннисші Тейлор Фриц сынға түсті.

Матч Бубликтің пайдасына 7:6, 6:2 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Бублик 11 эйс жасап, 1 қосалқы қателік жіберді және 2 брейк-пойнтты тиімді пайдаланды.

Paris Masters турнирінің ширек финалында Александр Бублик аустралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі. Ойын бүгін 31 қазан, Қазақстан уақытымен 19:10-де басталады.

Social Link

Follow Me On Social Media