What are you looking for?

БҚО жүргізушілеріне тұманға байланысты ескерту жасалды

02.11.2025

"ҚазАвтоЖол" ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Оралда бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күн райының бұзылуына орай компания жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға үндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында да көлік жүргізушілеріне қар мен көктайғаққа байланысты ескерту жасалған болатын.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media