Кеше түнде Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары Ауғанстанда болған жер сілкінісінен туындаған жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2. MPV, магнитудасы – 6.2.
Жер сілкінісінің сезілу күші:
- Шымкент қаласы – 2 балл;
- Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл;
- Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл;
- Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түскен жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз