Алматы қаласында әуежайды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Үкімет отырысында нысанды реконструкциялау шаралары талқыланып, әуежайды дамыту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үкіметтің ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізген. Оның барысында халықтың қолайлылығы үшін әуежай маңында айналма жол салу мәселесі көтерілді.
"Айналма жол қалалық автомагистральды, Үлкен Алматы айналма автожолын, жүк кешенін және әуежайға негізгі кіреберісті жылдам шығу мүмкіндігімен байланыстыратын болады", -делінген материалда.
Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр салалық министрліктер мен Алматы қаласы әкімдігіне реконструкциялау жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз