What are you looking for?

Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады

12.03.2025

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, жеңіліп қалды.

Матч екі сетке созылды. Андреева Рыбакинаны ірі есеппен – 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалына өте алмады.

Social Link

Follow Me On Social Media