What are you looking for?

Air Astana ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті

05.11.2025

Air Astana әуе компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстан бойынша рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ұлттық әуетасымалдаушы 5 қараша күні мәлімдеді.

"Ел аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін", — делінген хабарламада.

Жолаушыларға рейстерінің мәртебесі туралы өзекті ақпаратты алдын ала Air Astana компаниясының ресми сайтынан немесе байланыс орталығына хабарласу арқылы тексеру ұсынылды.

Еске салайық, 2025 жылғы 5 қараша күні таңнан бері Алматы халықаралық әуежайында ондаған рейс кешіккенін жазған едік.

Social Link

Follow Me On Social Media