What are you looking for?

Тоқаев Филиппин президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

05.11.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Калмаэги" тайфунының салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Филиппин президенті Фердинанд Маркосқа көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған жеделхаты Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Филиппинде "Калмаэги" атты қуатты тайфун болып, салдарынан кемінде 66 адам қаза тауып, тағы 26 адам із-түссіз жоғалды.

Тайфун салдарынан 400 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап, эвакуациялануға мәжбүр болды. Эвакуация Висай, Лусон және Минданао аралында жүргізілді. Табиғи құбылысқа байланысты әуе қатынасы мен паром қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media