What are you looking for?

Депутат "Қазпоштаны" монополист деп айыптады. Компанияның жауабы қандай

06.11.2025

Мерзімді басылымдарды тарату қызметі бойынша Қазақстан нарығында 50-ден астам компания жұмыс істейді.

Таяуда мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Қазақстанда газет тарату мәселесін мәжіліс мінберінде көтеріп, бұл салада монополиялық жағдай орнағанын және оның "Қазпоштаның" мүддесін көздейтінін айтып сынға алған болатын. Депутаттың сауалына компанияның басқарма төрағасы Бекежан Жәкеев жауап берді.

Оның айтуынша, "Қазпоштаның" нарықта монополиялық жағдайды иеленгені туралы тұжырым шындыққа жанаспайды.

"Пошта операторларының мерзімді баспа басылымдарын жазылым бойынша тарату бойынша қызметі нарықта бәсекеге қабілетті қызмет түрі болып саналады. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 5-тармағына сәйкес, монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының 2022 жылғы 11 қазандағы №273/НҚ бұйрығымен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізілімі бекітілді, ол жерде "Қазпошта" АҚ жоқ", – деп жауап берді Бекежан Жәкеев.

Сондай-ақ, ол мерзімді баспасөз басылымдарын тарату қызметі бойынша Қазақстан нарығында 50-ден астам компания жұмыс істейтінін алға тартты.

"Бұл компаниялар қызметін нарықтың едәуір маржиналды сегментінде жүзеге асыратынын айта кеткен жөн. Газет-журналдарды жеткізу қалалық жерлерде заңды тұлғалар үшін жүзеге асырылады, ол жерде тасымалдау, жеткізу шығындары айтарлықтай аз. Ал "Қазпошта" газет — журналдарды шалғайдағы ауылдық елді мекендерге таратуды жүзеге асырады, ол жерде тасымалдау және жеткізу шығындары едәуір жоғары", – деді "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы.


Оқи отырыңыз:

  • Ауылдағы Қазпошта қызметкерлері 20 мың теңгеге жұмыс істеуге мәжбүр
  • Қазпоштада жыл басынан бері 270 млн теңгеден астам қаржы ұрланған

Social Link

Follow Me On Social Media