Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"6 қараша сағат 00:30-дан бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "KAZ02 Астана – Көкшетау (айналма жол) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)" автожолының 19-231 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі", — делінген хабарламада.
Жылдамдық режимін 6 қарашада сағат 15:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Айта кетелік, бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Жетісу облысында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген еді.
Сондай-ақ ШҚО-дағы танымал асуда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген болатын.
Шектеу республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз