What are you looking for?

Мемлекет басшысы Chevron басшысымен мұнай-газ жобаларын дамытуды талқылады

06.11.2025

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы жұмыс сапары барысында Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай мен газды игеру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға Chevron корпорациясының қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ Қазақстан тарапының шикізатты өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Айта кетейік, 6 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Вашингтонға барды.

Бүгін мемлекет басшысы АҚШ мемхатшысы Марко Рубио мен Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Оған қоса мемлекет басшысы америкалық конгрессмендерді қабылдады.

Қазақстан президентінің АҚШ басшысымен кездесуі Астана уақытымен 04:00-де өтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media