What are you looking for?

Трамп Қазақстанға сапармен барып қалуы мүмкін екенін айтты (видео)

07.11.2025

Ақ үйдегі С5+ саммиті аясында өткен Орталық Азия елдері басшылары мен АҚШ президентінің кездесуінде Трамп Қазақстанға сапармен баруы әбден мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан мен АҚШ жалпы құны 17 млрд долларды құрайтын келісімдер жасады. Ол авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар секілді бағыттарды қамтиды.

Аталған кездесуде Трамптан бұл серіктестіктің қай саласы маңызды екені және Қазақстанға АҚШ президенті ретінде қашан баратыны сұралды.

"Біздің елге қонақ болу жоспарыңызда бар ма?" — деген сұрақ қойылды Трампқа Ақ үйде.

"Бұл әбден мүмкін (Қазақстанға сапармен келу – ред). Барлық сала өте маңызды деп санаймын. Бір жылдан кейін не болатынын білмейміз. Сіздің табиғи ресурсқа бай еліңіз, сондай-ақ парасатты президентіңіз бар", — деп жауап берді Дональд Трамп.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media